25.02.2026 жылы Астана қаласында Ә.Кекілбаев атындағы BINOM мектебінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен өткен «Оқытудағы жаңа мүмкіндіктер: Функционалдық сауаттылық пен жасанды интеллект интеграциясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, өз тәжірибелеріммен бөлісіп, арнайы сертификатпен және алғыс хатпен марапатталдым. Осы конференцияға қатысып, өз тәжірибеммен бөлісу мен үшін үлкен мәртебе болды. Конференция барысында білім беру үдерісінде функционалдық сауаттылықты дамыту мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді кіріктірудің маңыздылығы кеңінен талқыланды. Әріптестермен тәжірибе алмасу кәсіби көкжиегімді кеңейтіп, жаңа идеялар мен тың шешімдерге шабыт берді. Бұл жиын заманауи білім берудің даму бағыттарын айқындауға өз үлесін қосты деп есептеймін.
Арнайы пәндер оқытушысы: Қуатбеков А.Б.



Комментарии