2026 жылғы 27 наурыз күні колледжімізде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» пәні әдістемелік бірлестігінің үшкүндігі аясында «Педагогтің креативті имиджі және кәсіби бренді» тақырыбында семинар-коворкинг ұйымдастырылды. Аталған іс-шараны пәндік-циклдік комиссия төрайымы Оразхан Н.Т. жоғары деңгейде өткізіп, педагогтердің кәсіби дамуына бағытталған мазмұнды алаң қалыптастырды.
Семинардың басты мақсаты – педагогтердің заманауи білім беру кеңістігіндегі рөлін айқындау, олардың жеке брендингін қалыптастыру жолдарын көрсету және креативті имидж қалыптастырудың тиімді тәсілдерімен таныстыру болды. Іс-шара барысында қатысушылар педагог имиджінің маңыздылығы, кәсіби беделді арттыру жолдары, өзін-өзі таныту мен дамыту стратегиялары жөнінде құнды ақпарат алды.
Коворкинг форматында өткен семинарда қатысушылар топтық жұмыстарға белсенді қатысып, тәжірибе алмасу, идеялармен бөлісу мүмкіндігіне ие болды. Практикалық тапсырмалар арқылы педагогтер өздерінің кәсіби брендін қалыптастыру бағытында нақты қадамдарды айқындап, шығармашылық қабілеттерін дамытты.
Іс-шара мазмұны жағынан өзекті, құрылымы жағынан жүйелі ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан жоғары бағаланды. Семинар педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, олардың заманауи талаптарға сай дамуына оң әсерін тигізді.
Колледж әдіскері: Хали А.К


Комментарии