2026 жылғы 12 ақпан күні колледжімізде ЭС-25-9-1 тобы студенттеріне арналған «Содержание воинской обязанности граждан Республики Казахстан» тақырыбында ашық сабақ ұйымдастырылды. Ашық сабақты алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушысы, запастағы капитаны Аман Әліби Нұрлыбекұлы жоғары деңгейде өткізді.
Сабақтың негізгі мақсаты – студенттерге Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери міндетінің мазмұнын, заңнамалық негіздерін және Отан алдындағы жауапкершілігін түсіндіру болды. Оқытушы сабақ барысында әскери есепке тұру тәртібі, мерзімді әскери қызмет, келісімшарт бойынша қызмет ету, әскери дайындық пен азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы кеңінен баяндады.
Сонымен қатар, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі әр азаматтың рөлі, әскери анттың маңызы жөнінде мазмұнды түсіндірмелер берілді. Студенттер сабаққа белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Сабақта көрнекі материалдар мен презентациялар қолданылып, тақырып нақты мысалдар арқылы түсіндірілді. Бұл студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырып, әскери міндет туралы түсініктерін тереңдетуге ықпал етті.
Ашық сабақ жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтіп, өз мақсатына жетті. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға және патриоттық тәрбиесін нығайтуға үлкен үлес қосады.
Колледж әдіскері: Хали А.К





Комментарии