«Станцияда пойыздық және маневрлік жұмыстарды орындауы» модулі бойынша курстық жұмыстар

Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы- техникалық колледжінің ОП-23-9тобының  20 студенті  КМ 5 «Станцияда пойыздық және маневрлік жұмыстарды орындауы» модулі бойынша курстық жұмыстарын қорғады. Қорғау жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті, студенттер өз тақырыптарын толық ашып, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыра білді. Қорғау барысында қойылған сұрақтарға нақты, әрі негізделген жауаптар берілді. Іс-шараға әкімшілік өкілдерінің қатысуы студенттердің жауапкершілігін арттырып, курстық жұмыстардың сапалы орындалуына оң әсерін тигізді. Студенттер өз мамандықтарын шынайы сүйетінін, мамандық таңдауда қателеспегенін дәлелдеді.

Арнайы пәндер оқытушысы: Қуатбеков.А.Б

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *