Cуды ұтымды пайдалану және экологиялық жауапкершілік мәдениетін тәрбиелеу құралы ретінде қызмет ететін «Адал Азамат» Бірыңғай тәрбие бағдарламасы шеңберінде «Суды үнемде — болашақты сақта» тақырыбында ШК-24-9 тобына интерактивті сабақ өтті. Сабақтың мақсаты — судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы білімдерін тереңдету және су ресурстарын үнемдеу қажеттілігі мен «экологиялық жауапкершілік» қасиеттерін арттыру болып табылады. Сабақ барысында: тренинг, бейнероликтер, сұрақ-жауаптар пен пікір алмасу, «дұрыс немесе бұрыс» ойыны, жұптық жұмыстар жүргізілді.



Комментарии