ФК-24-9 тобының студенттері (практика жетекшісі, әдіскер Аралбаева Б.Т.) КМ 01. Мамандыққа деген қоғамдық сенімді қолдау және білім алушыларды құндылықтар жүйесіне тарту — модулі бойынша, «Сыныптан тыс жұмыс технологиясы тәжірибесіне дайындық» өндірістік тәжірибені қаламыздағы Абай атындағы №2 мектеп лицейде өтуде.
Практиканттар әр дүйсенбі күндері өздеріне бекітілген 5А,Ә,Б сыныптарында тәрбие жоспары бойынша сынып сағаттарын өткізіп жүр.
Алғашқы күннен бастап практиканттар педагогикалық тәжірибеде өздерін жақсы жақтарынан көрсетті. Әр тақырыпқа жақсы дайындықпен келіп, тәрбие сағаттарында түрлі ойындар, шығармашылық тапсырмалар т.б. әдістерді қолданды.




Колледж оқытушысы: Аралбаева Б. Т.

Комментарии