2026 жылғы 31 наурыз күні «Технологиялық пәндер әдістемелік бірлестігінің үшкүндігі» аясында «Қыз балаға 7 өнер де аз» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараға ДО-23-9, ШК-24-9 және ФК-25-9 топтарының студенттері қатысып, жетекшісі Төлеген П.Қ болды. Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – қыз балалардың жан-жақты дамуына мән беру, олардың бойындағы қабілеттерді ашу және болашақ өмірге деген дұрыс көзқарас қалыптастыру болды.
Сабақ барысында студенттерге түрлі сұрақтар қойылып, пікір алмасу ұйымдастырылды. Осы арқылы білім алушылар өз ойларын еркін жеткізіп, өмірлік мақсаттары мен құндылықтары туралы тереңірек ойлана бастады. Сонымен қатар, қыз баланың қоғамдағы орны, тәрбиесі мен өнер-білімнің маңыздылығы кеңінен талқыланды.
Тәрбие сағаты студенттердің белсенді қатысуымен өтіп, олардың болашаққа деген сенімділігін арттыруға және өзін-өзі дамытуға деген ынтасын күшейтуге ықпал етті.
Колледж әдіскері: Хали. А.К



Комментарии