«Технологиялық пәндер әдістемелік бірлестігінің үшкүндігі» аясында «Үш шебер – мамандыққа үш көзқарас» атты шеберлік сағаты

30 наурыз 2026 жылы колледжімізде «Технологиялық пәндер әдістемелік бірлестігінің үшкүндігі» аясында «Үш шебер – мамандыққа үш көзқарас» атты шеберлік сағаты (мастер-класс) ұйымдастырылды. Аталған іс-шара білім алушылар мен оқытушылар арасында тәжірибе алмасуды дамытуға, шығармашылық қабілеттерді шыңдауға және әртүрлі қолөнер бағыттарын насихаттауға бағытталды.
Шеберлік сағатын арнайы пән оқытушылары Хасенова Ж.Ж., Төлеген П.Қ. және Кошкимбаева Б.А. өткізді. Әр оқытушы өз бағыты бойынша кәсіби шеберліктерін көрсетіп, қатысушыларға практикалық тұрғыда бағыт-бағдар берді.
Іс-шара барысында Төлеген П.Қ. ағаш материалынан брош дайындау және оны әртүрлі тәсілдермен безендіру жолдарын таныстырды. Қатысушылар ағашпен жұмыс істеудің қыр-сырын меңгеріп, заманауи үлгідегі сәндік бұйым жасаудың кезеңдерімен танысты.
Хасенова Ж.Ж мата (ткань) негізінде әшекей бұйымдар жасаудың әдіс-тәсілдерін көрсетіп, түрлі материалдарды үйлестіре отырып ерекше дизайндағы аксессуарлар дайындау жолдарын түсіндірді. Бұл бағыт қатысушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік берді.
Ал Кошкимбаева Б.А. бисерден бұйымдар жасау техникасын таныстырып, нәзік әрі әсем әшекейлерді дайындаудың қадамдарын іс жүзінде көрсетті. Қатысушылар бисермен жұмыс істеудің негізгі тәсілдерін меңгеріп, өз қолдарымен шағын бұйымдар жасап көрді.
Мастер-класс жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Іс-шара барысында әртүрлі материалдармен жұмыс істеудің ерекшеліктері көрсетіліп, білім алушылардың кәсіби дағдыларын дамытуға және шығармашылық әлеуетін арттыруға зор мүмкіндік берілді.


Колледж әдіскері: Хали А.К

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *