2026 жылғы 31 наурыз күні «Технологиялық пәндер әдістемелік бірлестігінің үшкүндігі» аясында ерекше форматта ұйымдастырылған «Арт-вечер» іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның ұйымдастырушысы – Төлеген П.Қ.
Аталған кештің негізгі мақсаты – оқытушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту, өзара тәжірибе алмасу, сондай-ақ ұжым ішінде жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру болды. Кеш барысында қатысушылар өнер, мәдениет және шығармашылық бағыттағы түрлі белсенділіктерге қатысып, өздерінің таланттарын паш етті.
«Арт-вечер» бағдарламасы мазмұнды әрі қызықты форматта ұйымдастырылып, қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Әдеби-музыкалық қойылымдар, шығармашылық тапсырмалар және еркін форматтағы пікір алмасулар кештің көркін аша түсті.
Іс-шара жоғары деңгейде өткізіліп, оқытушылар арасында ынтымақтастықты нығайтуға, шығармашылық байланыстарды дамытуға өз үлесін қосты.
Перизат Қайыржановнаға шығармашылық табыс, зор денсаулық және алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз!
Колледж әдіскері: Хали. А.К


Комментарии