«Технологиялық пәндер әдістемелік бірлестігінің үшкүндігі» аясында «Шеберлер шайқасы» атты сайыс

2026 жылғы 1 сәуір күні колледжімізде «Технологиялық пәндер әдістемелік бірлестігінің үшкүндігі» аясында ДО-23-9 тобы студенттерінің қатысуымен «Шеберлер шайқасы» атты сайыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараның ұйымдастырушысы – оқытушы Хасенова Ж.Ж.

Аталған байқаудың негізгі мақсаты – студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және тігін ісі бойынша практикалық дағдыларын жетілдіру болды. Сайыс барысында қатысушылар өздерінің шеберліктерін, ұқыптылықтарын, жылдамдықтары мен шығармашылық ізденістерін жан-жақты көрсете білді.

Байқау кезеңдері мазмұнды әрі тартымды тапсырмалардан құрылып, студенттердің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын ұштастыруға мүмкіндік берді. Қатысушылар тігін өнеріндегі жаңашыл көзқарастарын танытып, өз жұмыстарында эстетикалық талғам мен сапаға ерекше мән берді.

Сайыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен студенттер арнайы дипломдармен марапатталды. Бұл олардың кәсіби бағыттағы жетістіктеріне берілген лайықты баға болды.

Аталған іс-шара студенттердің мамандыққа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға, өзара тәжірибе алмасуына және кәсіби тұрғыда дамуына үлкен ықпал етті.

Әдістемелік тұрғыдан алғанда, «Шеберлер шайқасы» сайысы жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізіліп, білім алушылардың кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған маңызды алаң ретінде өз мақсатына толық жетті.


Колледж әдіскері: Хали. А.К

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *