2026 жылғы 30 наурыз күні колледжімізде Технологиялық пәндер әдістемелік бірлестігінің үшкүндігінің ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті. Аталған іс-шараны пәндік-циклдік комиссия төрайымы Хасенова Ж.Ж. және арнайы пәндер оқытушысы Төлеген П.К. ашып, қатысушыларға үшкүндіктің маңыздылығы мен мақсатын таныстырды.
Ашылу салтанаты барысында студенттердің шығармашылық жұмыстары ұсынылған көрме ұйымдастырылды. Көрмеде білім алушылардың қолөнер, дизайн және технология бағытындағы түрлі туындылары көпшілік назарына ұсынылып, олардың кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденістері айқын көрініс тапты.
Сонымен қатар, іс-шара аясында студенттердің өз қолдарымен дайындаған киім үлгілері көпшілікке «мода көрсетілім» форматында ұсынылды. Бұл көрсетілім көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырып, студенттердің талғамы мен дизайнерлік қабілеттерін айқын көрсетті.
Іс-шара барысында алдағы үшкүндік жоспары таныстырылып, өтетін ашық сабақтар мен түрлі іс-шаралар туралы толық ақпарат берілді. Ұйымдастырушылар үшкүндіктің білім алушылар мен оқытушылар үшін тәжірибе алмасу, кәсіби шеберлікті шыңдау алаңы болатынын атап өтті.
Ашылу салтанаты мазмұнды, әсерлі өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Аталған іс-шара колледж өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі ретінде бағаланды.
Колледж әдіскері: Хали А.К



Комментарии