«Тіл шебері» қалалық байқауы

Колледжіміздің оқытушысы Турганова Айгерім Нұрланбекқызы Балқаш қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі және Балқаш қаласының тілдер орталығы ұйымдастырған «Тіл шебері» қалалық байқауында жүлделі II орынға ие болды.
Аталған байқау Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында үштілділікті жүзеге асыру мақсатында жастар арасында өткізілді.
Айгерім Нұрланбекқызы байқау барысында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға және ағылшын тілін жетік меңгергенін көрсетіп, өзінің білімділігі мен кәсіби шеберлігін дәлелдеді. Оның жан-жақты дайындығы мен тіл мәдениетін жоғары деңгейде көрсетуі қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Бұл жетістік – ұстазымыздың үздіксіз ізденісі мен сапалы еңбегінің нәтижесі. Әріптесімізді мақтан тұтамыз және алдағы уақытта да шығармашылық табыс пен жаңа белестер тілейміз!
Колледж әдіскері : Хали А.К.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *