Қарағанды жоғары политехникалық колледжінде 2026 жылғы 19–22 мамыр аралығында «WorldSkills Karaganda-2026» аймақтық чемпионатының «Инженерлік графика CAD» құзыреттілігі бойынша сайысы өткізілді. Чемпионат барлық талаптарға сай жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Қатысушыларға чемпионаттың ашылу салтанаты өткізіліп, жеребе тарту рәсімі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, тапсырмаларды орындау шарттары мен бағалау критерийлері бойынша қатысушыларға толық таныстырылды. Қауіпсіздік техникасы ережелері қатаң сақталып, қатысушылар 3 модуль бойынша тапсырмаларды жүзеге асырды.
Сайыс барысында Autodesk Inventor бағдарламасы қолданылып, қатысушылар деталь сызбаларын орындады. Жұмыстарды орындау кезінде ISO және ЕСКД стандарттарының талаптарымен жұмыстар жүргізілді. Чемпионат қатысушылардың инженерлік графика саласындағы кәсіби шеберлігін, техникалық сауаттылығын және практикалық дағдыларын дамытуға бағытталды.
Қатысушы: ПС-24-9 тобы студенті Жаппаров Алишер
Жетекшісі: Нұрлан Б.Н






Комментарии