«Жұмысшы мамандықтарды даярлау жүйесін дамыту және жаңғырту Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

29 қазан 2025 жылы Балқаш қаласындағы Алихан Мусин атындағы гуманитарлы-техникалық колледжінде Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференция Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылып, кәсіби-техникалық білім беру саласындағы «Жұмысшы мамандықтарды даярлау жүйесін дамыту және жаңғырту: кәсіптік білім беру саласындағы міндеттер, мүмкіндіктер және инновациялық тәсілдер» тақырыбында болды. Конференцияға еліміздің әрбір облыстан 12 колледждің тәжірибелі оқытушылары мен мамандары қатысты. Қатысушылар жұмысшы мамандықтарды даярлау сапасын арттыру, дуальды оқыту жүйесін дамыту, жаңа технологияларды оқу процесіне енгізу, еңбек нарығындағы сұраныстарды талдау секілді бағыттарда пікір алмасып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Шара барысында:

  • конференцияның мақсаты мен міндеттері айқындалды;
  • әр облыстан келген оқытушылар өз жобаларын, тәжірибелері мен инновациялық әдістерін таныстырды;
  • қатысушылар бірнеше секторлық секцияларға бөлініп, нақты салалар бойынша терең талқылаулар жүргізді;
  • өндірістік тәжірибені жетілдіру, студенттердің кәсіби құзыреттерін қалыптастыру, оқу-әдістемелік базаны нығайту бойынша ұсыныстар жасалды;
  • жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы рөлі мен болашағы жайлы ашық пікірталас өтті.

Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар кәсіби-техникалық білім беру жүйесін жаңғыртуға бағытталған бірқатар ұсыныстарды бекітті. Шара білім беру ұйымдары арасындағы тәжірибе алмасудың, серіктестік қарым-қатынастарды нығайтудың және инновациялық идеяларды енгізудің тиімді алаңы болған ортақ шешіммен аяқталды. Конференция соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.Бұл өз кезегінде олардың кәсіби біліктілігін арттыруға қосқан үлесін мойындау әрі ынталандыру болды.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *