Ж.Әбдірашевтің «Дала, сенің ұлыңмын» атты ашық сабақ

12.02.2026 жылы Тілдік пәндер бірлестігі аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Омарова С.Ж. Ж.Әбдірашевтің «Дала, сенің ұлыңмын» атты тақырыбында ОП-25-9-1 тобымен ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты – студенттерге ақын шығармашылығын терең таныту, поэзия арқылы туған жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру және көркем мәтінді талдау дағдыларын дамыту болды. Оқытушы сабақ барысында заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолданып, білім алушылардың белсенді қатысуына ерекше назар аударды.

Студенттер шығарманың идеясы мен мазмұнын талдап, ақынның азаматтық ұстанымы мен патриоттық рухын ашуға бағытталған тапсырмалар орындады. Топтық жұмыстар, пікірталас және шығармашылық тапсырмалар арқылы білім алушылар өз ойларын еркін жеткізіп, әдеби талдау жасау қабілеттерін көрсетті.

Сабақта интерактивті тақта мен қосымша материалдар пайдаланылып, көркем шығарманы қабылдау деңгейін арттыруға жағдай жасалды. Ашық сабақ жоғары әдістемелік деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан оң бағасын алды.
Колледж әдіскері:Хали А.К

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *