“Техникалық” ПӘБ үшкүндігі “Safety Quiz: Қауіпсіз бол!” викторинасы

“Техникалық” ПӘБ үшкүндігі аясында техникалық мамандықтар арасында еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша “Safety Quiz: Қауіпсіз бол!” викторинасы өтті.Мақсаты: студенттердің еңбекті қорғау бойынша білім деңгейін арттыру, қауіпсіз жұмыс және сыни ойлау дағдыларын дамыту.Викторинаға 4 топ қатысты: ОДД, ОЧС, ТТ, МЕТ топтары. Жарыс нәтижесі бойынша келесідей номинациялар берілді: “Ең үздік қауіпсіз топ”, “ Ең креативті топ”, …
Читать далее “Техникалық” ПӘБ үшкүндігі “Safety Quiz: Қауіпсіз бол!” викторинасы

“Техникалық” ПӘБ үшкүндігі

12.11.25-14.11.25 күндер аралығында “Техникалық” ПӘБ үшкүндігі өтті. Үшкүндіктің бірінші күні колледждің 1 қабатында “Мамандық — өмір таңдауы” бастамамен үшкүндіктің ашылу салтанаты өтті. Студенттер дайындаған макеттерін қорғап, өз мамандықтары жайлы айтып, таныстырды.ПӘБ төрайымы М.Н.Сагимбекова

«Бәсеке және монополия» тақырыбында ашық сабақ

10 қараша күні ПЦК экономикалық пәндер триадасы аясында, қаржылық сауаттылық апталығының жоспарына сәйкес МТ-24-9 тобы үшін «Бәсеке және монополия» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақты арнайы оқытушы Калкеева К.Н. жүргізді. Іс-шараның негізгі мақсаты — студенттердің экономикалық ойлау қабілетін дамыту, нарықтық экономиканың маңызды элементтері туралы түсініктерін тереңдету және бәсекенің қоғамдағы рөлі мен маңызын жан-жақты талдау. Ашық сабақ …
Читать далее «Бәсеке және монополия» тақырыбында ашық сабақ

Кәсіби бағдар беру жұмыстары

Ағымдағы жылдың 31 қазан күні бекітілген кестеге сәйкес «Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі» КМҚК мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру аясында кәсіптік сынамалар өтті. Кәсіптік сынамаға қаламыздағы барлық мектептерінен 9 сынып оқушылары қатысты. Әріптестеріміз оқушыларға колледж туралы ақпарат беріп, мамандықтармен таныстырды. Оқытушы: Оразхан Н.Т.

«Жұмысшы мамандықтарды даярлау жүйесін дамыту және жаңғырту Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

29 қазан 2025 жылы Балқаш қаласындағы Алихан Мусин атындағы гуманитарлы-техникалық колледжінде Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.Конференция Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылып, кәсіби-техникалық білім беру саласындағы «Жұмысшы мамандықтарды даярлау жүйесін дамыту және жаңғырту: кәсіптік білім беру саласындағы міндеттер, мүмкіндіктер және инновациялық тәсілдер» тақырыбында болды. Конференцияға еліміздің әрбір облыстан 12 колледждің тәжірибелі оқытушылары мен мамандары қатысты. Қатысушылар жұмысшы …
Читать далее «Жұмысшы мамандықтарды даярлау жүйесін дамыту және жаңғырту Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

“Емдік жаттығулардың физиологиялық негіздері” тақырыбында ашық сабақ

2025 жылдың 22 қазанында колледжімізде Дене шынықтыру және спорт пәні бірлестігінің ПЦК әдістемелік триада апталығының ашылуы өтті. Іс-шараны пәндік-циклдік комиссия төрайымы, арнайы пәндер оқытушысы Искакова Сауле Сандыбаевна ұйымдастырды. Апталықтың мақсаты – оқытушылардың кәсіби шеберлігін арттыру, жаңа әдіс-тәсілдерді тәжірибеге енгізу және білім алушылардың салауатты өмір салтына қызығушылығын арттыру. Апталық аясында ашық сабақтар, шеберлік сағаттары, спорттық жарыстар …
Читать далее “Емдік жаттығулардың физиологиялық негіздері” тақырыбында ашық сабақ

«Балақай», «Күншуақ» бөбекжайларындағы өндірістік тәжірибе

2025 жылдың 20 қазан күні ПӘБ жетекшісі Н.Т.Оразхан мен ПӘБ оқытушылары Б.Т.Аралбаева және Ж.Ж.Лекерова «Балақай», «Күншуақ» балабақшаларының тәрбиешілері мен әдіскерлеріне Дуалды оқыту бағдарламасының өндірістік тәжірибеге байланысты бағдар беру конференциясын өткізді. Әдіскерлер мен машықкерлердің мақсат-міндеттерімен таныстырды. Тәрбиешілерге  толтыратын әдіскер күнделігі таныстырылып, табысталды. ПӘБ мүшелері тәрбиешілер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді және кәсіби тәжірибеде сәттілік тіледі. «Мектепке …
Читать далее «Балақай», «Күншуақ» бөбекжайларындағы өндірістік тәжірибе

Өндірістік тәжірибе ДВ-22-9

2025 жылдың 17 қазан күні ДВ-22-9 дуалды оқыту тобында «Өндірістік  тәжірибе» бойынша бағдар беру конференциясы өтті, оған директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары О.В.Буйненко  және «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» ПӘБ оқытушылары Н.Т.Оразхан мен Ж.Ж.Лекерова қатысты. Конференцияда машықкерлердің мақсат-міндеттері таныстырылып,  тәжірибе күнделігін толтыру үлгісі берілді. Студенттер педагогикалық әдеп ережелерін еске түсіріп, «Педагог мәртебесі туралы» заңмен тағы …
Читать далее Өндірістік тәжірибе ДВ-22-9

«Курстық жұмысты орындау тәртібі»микро-семинары

2025 жылдың 10 қазан күні колледжіміздің ФК-22-9 және ДВ-22-9 топтарының студенттеріне арналған «Курстық жұмысты орындау тәртібі» тақырыбында оқыту микро-семинары өткізілді. Семинардың негізгі мақсаты — студенттерге курстық жұмысты жазу талаптары мен құрылымын түсіндіру, ғылыми зерттеу жүргізу әдістерін меңгерту, дереккөздермен дұрыс жұмыс істеу және академиялық адалдық қағидаларын сақтау маңыздылығын ұғындыру. Семинар барысында курстық жұмыстың мазмұндық бөлімдерін дұрыс …
Читать далее «Курстық жұмысты орындау тәртібі»микро-семинары

Қарағанды облысының колледждерімен тәжірибе алмасу…

2025 жылдың қазан айының  екінші жұлдызында  колледжіміздің оқытушысы  Мурзабекова Сания Саматовна,  Қарағанды облысының колледждерімен тәжірибе алмасу мақсатында,  облыстық сараптамалық комиссиядан өткен әдістемелік өнімнің орындалуы мен қолданылуын тәжірибе трансляциясын өткізді . Атап айтқанда, «Абай атындағы Саран жоғары  гуманитарлық – техникалық колледжі» оқытушыларымен әдімтемелік- сессия,  «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» — оқытушыларымен әдістемелік-кейсбук триненг,  «Болашақ» жоғары колледжі — …
Читать далее Қарағанды облысының колледждерімен тәжірибе алмасу…